Бейбарыс Сұлтан

Қоюшы-режиссер - Ю.Ханинго-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші - Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Киім үлгісі суретшісі - Л.Возженикова
Музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев
Балетмейстар - Г.Мұхамеджанова

режиссер ассистенті - М.ДүнгешовДешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тұлға. Өз өмірінің жарқын 17 жылын Мысыр елін гүлдендіруге арнаған, тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты және мазмұнды тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек...