Ең жақсы еркек

Комедия.

Жазушы-драматург С. Балғабаевтың «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесасы заманауи оқиғалар негізінде жазылған. Аталмыш шығарма «Ең жақсы еркек» атауымен сахнаға жол тартты. Шығармада әйел затының психологиясы арқылы шынайы өмір бейнеленеді. Бұл мұңлы комедияда пендешілік пен адамшылықтың ара-жігі астарлы оймен баяндалады. Басты кейіпкерлердің бірі Алпан қоғамдағы ерлер бейнесінің жиынтығы іспеттес. Ер мен әйел арасындағы күнделікті қарым-қатынастар, табиғи мінез-құлық оқиғаларды үздіксіз байланыстырып отырады. Ойын арқылы ойға жетелейді.