Қараш-қараш

Премьера!

М.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесінің оқиғасы сарыны бойынша жазылған екі актілі әлеуметтік драма

Авторы –  жазушы,  драматург Қалиқан  Ысқақ, қоюшы  режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Пьесаны қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша Қалиқан Ысқақ сахналық нұсқасын жасаған.

Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы.  Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббатықойылым барысында  көрініс табады. Жарасбай ойдың адамы, Бақтығұл істің адамы. Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.

Премьерасы  2015  жылы,  4-5 қарашада өтті

Қоюшы режиссері  – Әлімбек Оразбеков,
Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретшісі – Юлдаш Нұрматов,
Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері
Музыкасын құрастырғандар  - Қайрат Тоқымбетов, Олжас Жақыпбек
Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева
Дыбыс режиссері – Гүлнафис Әминова
Режиссердің ассистенті – Нүркен Өтеуілов
Режиссердің көмекшісі – Арай Амантауова

Начало в 18.30.