Аққудың көз жасы

Премьера!

Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың шығармалары классикалық прозаның үлгісі болып табылады. Алып жазушының шығармашылық мұрасына ыстық ықылас азаймақ емес. Айтулы режиссер, өнер иесі Талғат Теменов суреткер жазушының қос туындысы негізінде нағыз драма тудырды.

«Аққудың көз жасы» – адам жүрегіндегі ең асыл сезім – сүйіспеншіліктің құдіреті мен қасиеті туралы тұңғиық сыр шертеді. Алғашқы махаббат пен аңызға айналар шынайы махаббаттың қара түнекті, надандық зұлымдығын жеңетін керемет күшін әспеттейді.

Сонысымен әр адамның жүрегіндегі қимас сәттерін жаңғыртып, өмір патшалығының алтын сарайын назарыңызға айқара ашып тастайды. Көрерменнің эстетикалық талғамына бек лайық бұл сахналау Сізді бей-жай қалдырмасы анық.