Шие

Премьера!

Авт: А.Чехов

Реж: С.Потапов

Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған  көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында. Осы орайда, спектакль көрермен қауымды селсоқ қалдырмасы анық.

Начало в 19.00.