«Мұқағали»

Автор: Серік Тұрғынбекұлы, Ш.Айтматов.
Жанр: /поэтикалық драма/ 
Қоюшы режиссері - Болат Ұзақов.
Қоюшы суретші - Майса Ықласова.
Музыкасын құрастырған - Қалқатай Анарбекова.
Режиссердің ассистенті - Жанқалдыбек Төленбаев.

Заманына сыймай кеткен ақиық ақынның жүрегі нәзік. Поэтикалық драмадан тірі кезінде бағаланбаған ақынның қоғамнан көрген қиянатын, жан күйзелісін байқаймыз. Бір ғана ақын өмірі арқылы өмір сүріп отырған ортаның хал-ахуалын көреміз. Қойылым қазақтың біртуар ақыны Мұқағалидың өмірінен бір үзік сырды баяндайды.