Ғасырдан да ұзақ күн

Премьера!

Қарапайым теміржолшы Едіге өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізіскен қарт досы Қазанғапты оның аманаты бойынша «Ана бейітке» жерлемекші. Аса жауапты да имани бұл сапарында ол жеке адамдардан бастап тұтас бір мемлекеттік жүйенің қарсылығына тап келеді.

Ата-баба сүйегі жатқан киелі жер бүгінде ғарыш айлағына тиесілі, онда өтуге рұқсат жоқ екен. Тарихи жадысынан айырылған жеке адам да, жүйе де мәңгүртке айналады. Ал, оларға қарсы жасампаз күш - қандай қиындықта да адамдығын жоғалтпаған, ата-баба дәстүріне, тіліне, діліне адал Едіге.

Едігелер - өмірдің тірегі.