«Әміре» (ГАКМДТ)

Пьеса авторы – жазушы

Драматург - Рахымжан Отарбаев

Қоюшы режиссері – ҚР еңбек  сіңірген қайраткері

Режиссер – Нұрлан Жұманиязов

Бас суретшісі – Берік Бурбаев

Хормейстері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Амантай Жұмашев.

     Бұл драматург Р.Отарбаев пен режиссер Н. Жұманиязовтың  Қаллеки сахнасындағы бірлескен екінші жұмыстары болмақ. Бұған дейін «Нашақорлар жайлы  новелла» пьесасының  желісі  бойынша  «Көлеңкесіз жолаушы»  атты драманы дүниеге әкеліп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің  сүйікті қойылымдарына айналған еді. Енді алда «ӘМІРЕ»драмасы жарық көрмек. Әміренің суреткерлік шеберлігі мен өміріндегі құпиялары жайындағы драматург Рахымжан Отарбаевтың туындысы, режиссер Нұрлан Жұманиязовтың  қолтаңбасымен үйлесіп сахна атты киелі әлемге жол тартпақ.