Международный айтыс акынов «Жыр арқауы – Астана»

21-22 октября 2018 г. в ЦКЗ Казахстана состоится Международный айтыс акынов «Жыр арқауы – Астана».

«Жыр арқауы – Астана» халықаралық ақындар айтысының негізгі нысана, міндеттері төмендегідей болып айқындалды:

- Айтыс Астананың 20 жылдық мерейтойын әспеттеп, жеткен жетістіктерін, әлем алдындағы беделін, бүгінгі келбетін жырға арқау етеді. Ажарлы Астананың дамуына ерен еңбек, күш-қайрат, ақыл-парасатын арнаған Елбасының еңбегін, Елорда мен Елбасы ұғымын кестелі жыр, көркем ой арқылы жеткізу.

- Ұлы Дала ұрпақтарына бабалардың асыл мұрасын насихаттап, рухани құндылықтарын сіңіру. Мәңгілік елдің ұлы мұратын, ел бірлігін жырлау.

- Астаналар тарихын жырлау арқылы халқымыздың өткені мен бүгінін парықтай отырып, тәуелсіз ел Астанасының қазақ тарихындағы орны мен маңызын айшықтап көрсету.

- Айтыстың синкреттік қасиетін, даралық сипатын, дәстүрлі поэтикалықерекшеліктерін сақтай отырып, жанрлық тұрғыда мүмкіндігінше түрленту.

- «Жыр арқауы – Астана» айтысына еліміздегі үздік ақындармен қатар, шет елдердегі қандастарымыздың ішіндегі айтыскерлерді, қырғыз, қарақалпақ елдерінің төкпе шайырларын қатыстыра отырып, ұлттық өнерді халықаралық деңгейге көтеру.

Ақындардың жұбы (жиыны жиырма ақын) көрерменнің алдында жеребе тарту арқылы анықталады. Бұл арқылы бұған дейінгі айтыстарда ескерілмеген талаптар мен шарттар жүзеге асады. Әр ақындық жұптың айтысы екі сатыдан тұрады: Түре айтыс және Сүре айтыс. Яғни, айтысқа түскен ақындар әуелі түре айтыста тартысып, содан соң сүре айтысқа ауысады. Түре айтыс пен сүре айтыстың бағалары бөлек-бөлек беріледі де, екеуінде жиналған ортақ ұпай нәтижесі бойынша жеңген ақын айқындалады.

«Жыр арқауы – Астана» халықаралық ақындар айтысы ұлттық дәстүрді сақтай отырып, әдеби-музыкалық ток-шоу форматында өткізіледі. Айтысты айтысқа бейімі бар, елге танымал екі жүргізуші жүргізеді. Айтыс арасындағы музыкалық сүйемелдеу, айтысқа түсетін жұпты екпінді әуенмен.

Начало в 15.00 и 18.00.