«Махаббат мұңы»

Т. Ахтанов 

«Махаббат мұңы»

Қоюшы режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткер Нұрқанат Жақыпбай. 

Режиссер ассистенті — Мейрам Хабибуллин.

Қоюшы суретші — Айбек Орынбасар Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Хормейстер — Әйкерім Әбілханова.

«Махаббат мұңы»
Классик жазушы-драматург Т. Ахтановтың  аттас повесі кезінде жастар үшін қуана оқитын, әсерлі, ғибратты болғандығын алдыңғы толқын әдебиетшілер әлдеқашан айтып кеткен. Кейін спектакльге айналған   осы шығарма кең байтақ еліміздің сахналарында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алып жатты. Бұдан бұрын да жазушы- драматург дәулескер күйші, саңлақ суретші туралы тереңдетіп жазса бұл шығарма   да   өнер адамы — әдебиетшілердің қимыл-әрекетін, өнерге көзқарасын, талант туралы ойларын, жалпы өнер адамына қойылар талаптарды эстетикалық-көркемдік тұрғысында қарастырып, өзіндік көзқарастарын білдіреді. Өзінің есімі берілген театр артистері бұдан бұрын да өз жерлесі, аттас ағаның бірталай шығармаларын сахналап, жазушы мен ел алдындағы міндеттерін бірсыпыра орындаған болатын.