Премьера! «Туған күн» немесе «Қуған күн»

Р.КУНИ

Аударған: Ә.Байбол

«Туған күн» немесе «Қуған күн»

комедия

Қоюшы режиссері – Болат Ұзақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева

Дыбыс режиссері –  Гүлнафис Әминова

Режиссердің ассистенті – Асылбек Қапаев

Режиссердің көмекшісі – Әлия Дәуітова

Театрдың көркемдік жетекшісі – Талғат Теменов,  Қазақстанның  Халық артисі, профессор

Ағылшын драматургі  Рэй Кунидің бұл пьесасында сүттей ұйып отырған жас отбасының басына түскен қысылтаяң әрі күлкілі бір жайттың жай-жапсары, адам сенгісіз әсері суреттеледі. Банктың жас қызметкері, қарапайым бухгалтер Генри Перкинс ойламаған жерден көп ақша тауып алып, иен-тегін мол байлыққа кенеледі. 

«Ақшаның жұлдызы ыстық», қазақ мәтелінде айтылған бұл шындық комедия кейіпкерлерін бас-аяғы бірер сағаттың ішінде басын айналдырып, шырғалаңға салып жібереді. Ақшаның құдіреті табанда мәлім болады, адам баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті қас қаққанша өзгеріп, жынша құбылып шыға келеріне көрермен қауым куә болады.