«Ғасырдан да ұзақ...»

Премьера!

Қоюшы режиссері: Ұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өмір біреу. Бірақ адамның тағдыры әрқалай. Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым.

Сол жолдағы өмірдің ұсынған әр сынағы жүректі жан үшін үлкен сабақ. Ол сынды қайыспай жеңу бар да, мәңгілік адамзаттық арманыңа адал болу, соңыңнан атыңды өшірмейтін өмірлік өнеге – саналы ұрпақ қалдыру – пенде біткенге тән бақыттың шыңы. Себебі, өмір – рельс, адам ғұмыры отарбаның дөңгелегіндей шыр айналған дүние-кезек әлем.

Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері шығармасындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.