«Блэз»

blez
Клод Маньенің «Блэз» пьесасы –  көрерменнің француз комедиясынан күтетін бүкіл ғажайыбы, тіпті, одан да көп дүниесі осында! Махаббат машақаты мен ішек-сілеңді қатыратын небір қилы-қилы қиғаш оқиғалар да, әйел құпиясы мен еркектің менмендігі де осында: «Блэз» кез келген кешті жайдары мезетке айналдырады. Жап-жас  көрікті суретші ме, әлде, зеріктіретін байшікеш байбатша ма? Жаны жайсаң қарапайым  қызметші әйел ме, әлде, миллиондаған байлықтың еркетотай мұрагері ме? Жеңіс үшін марапатына махаббат сыйланатын осы бір күлкілі қақтығыста кім жеңеді?