Премьера! «Ләйлі – Мәжнүн»

ПРЕМЬЕРА!

27-28 АҚПАН

«ЛӘЙЛІ – МӘЖНҮН» 

«Ләйлі – Мәжнүн» - Шығыс халықтарында көне заманнан кең тараған ғашықтық дастан. Араб елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі қабыл болып, бір ұл көреді. Каис ер жеткенде Ләйліні көріп, ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың сұлулығына қайран қалған жігіт есінен танып, ақылынан адасады. Әкесі Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, Каис “Мәжнүн” аталады. Елден жырақ кеткен Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. Жапа шегіп, жаны күйзелген Мәжнүн Ләйлінің өлгенін естігенде есінен танады. “Мәжнүн” сөзі “есінен адасу” мағынасын беріп, Ләйліге деген махаббат Аллаға ғашықтықтың символы ретінде берілген дейді зерттеушілер.

Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.

Мекен-жайы: Ж.Омаров, 47 б

Город

Событий нет

Закрыть