Премьера! Қобланды

ПРЕМЬЕРА!

М.Әуезов

Қарақыпшақ Қобыланды

драма

қоюшы-режиссер – Н.Жақыпбай, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

қоюшы-суретші – М.Сапаров

М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» дастан-драмасы - халқымыздың сонау ғасырлар қойнауынан бастау алатын мәдени-рухани өрісімен; отансүйгіштік,  елсүйгіштік идеясымен қымбат туынды. Қойылымда Қобыландыдан бастап әр кейіпкердің табиғи болмысы ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік аяусыз күресінде айқындалып, тағдыр, жазмыш идеясы зерделенеді.  Ел азаттығы мен бақыты  үшін күрес жолындағы арман-аңсарлары бүгінгі ұрпақ көзімен танылады.

Қара шаңырақ театрда осымен үшінші рет сахналанып отырған «Қарақыпшақ Қобыланды» көрермендерге  заманауи  сахналық көркем  тіл ізденістерімен  де қызғылықты болары сөзсіз.

Премьера 13,14 сәуір, 2019 жыл.