«Чарлейдің әпкесі»

Б.Томас «Чарлейдің әпкесі»

/музыкалық комедия/

Мекен жайы: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Нұр - Сұлтан қ, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3

Уақыты: 1,5 сағат.

charleydyn-apkesy
Брэндон Томастың «Чарлейдің әпкесі» комедиясы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Әйел бейнесін ер адамның кейіптеуі әрқашан да күлкі тудырып, күтпеген осын жағдайларға алып келеді. Шым-шытырық оқиғаларға толы музыкалық комедияның басты кейіпкерлері – Джек және Чарлей есімді студенттер. Жігіттер жас, албырт, сондықтан да оларға байлықтан гөрі шынайы сезім қымбаттырақ. Сүйгендеріне қол жеткізу үшін олар ештеңеден тайынбайды.

Алайда, өтіріктің көмегімен жеткен бақыт қаншалықты бағалы болмақ?! Чарлей қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыз?

Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен спектакльде шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады.