«Театр 180°»

«Театр 180°»

\комедия\

Туынды авторы – Майкл Фрейн.

Қазақ тіліне аударған – Әсел Асқарқызы.

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев.

Қоюшы суретшісі – Алма Әбілмәжінқызы.

Дыбыс режиссер– Ернұр Балапанов.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ллойд – Қалдар Әли; Тим – Бидахмет Әли;

Миссис Клакетт-Дотти–Жакилина Гульмира, екінші құрамда Валиева Альбина;

Брук- Вики – Айымғазы Еңілік, екінші құрамда Талғат Айым;

Поппи – Жанзакова Аида, екінші құрамда Бауыржан Орал;

Белинда-Флавия – Ағымбай Айша, екінші құрамда Макежанова Ақбота;

Селздон – Қарақшы –Асылхан Нұржан;

Фредерик–Филипп –Асқарбеков Бейбарс, екінші құрамда Кеңшілік Сұлтан;

Гарри – Роджер – Муслимов Нұржігіт.

Мекен жайы: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Астана қ, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3

Жас санаты: 16+ 

teatr-180
Театрдың өзі өмір. Спектакль толық дайын болғанға дейін талай қызықтар мен әр түрлі кедергілер орын алатыны белгілі. Шекспир кезеңінен келе жатқан «театр ішіндегі театр» әдісін қолданған Майкл Фрейннің кейіпкерлер мен актерлердің тағдыры байланысқан туындысы көрерменге сахна сыртындағы тылсым әлемге енуге мүмкіндік береді.

Тығырықтан жол табу кезінде шынайы өмір мен сахна өмірін айыра алмай, комедиялық Жағдайларға тап болған актерлердің әрекеттері шынайы күлкі тудырады.

«Театр 180º» комедиясында труппадағы актерлердің шым-шытырыққа толы  қарым- қатынасы көрініс табады. Әрбір кейіпкер үшін шынайы және сахналық өмір бір арнаға тоғысып, спектакльдің әрекетін комедиялық абсурд пен сатиралық гротескке жеткізеді.