Тамаша (2015)

35 жылдық тарихы бар,қазақ сатирасының қара шаңырағы «Тамаша ойын сауық отауы» жап жаңа құрамамен құдай қаласа қайта бір серпілмек! Тарихы терең тұғырлы тиатрдан қаншама саңылақтар шыққан. Солардың бірегейі қара шаңыраққа қайта оралды. Театр режиссері монологтың мырзасы Нұржан Тутов, қазақ сатирасының анасы Лидия Каденова, Өзіндік стилі бар Ұлан Нүсіпәлиев, ерекше образ иесі Мұхаммеджан Мырза (Гитеке), қағытпа қалжыңмен әжуә әзілдің дуеті Сәбит Әбдіхалықов пен Жанатбек Бәйтеков, және театрдың болашағы жас сқақшылар ,КВН ойындарының арландары Хамит Ердехан, Мейрамхан Шалқыбеков,Қуатжан Базарбаев!