Жалқаудың айласы

Еріншек кісі қашанда, жамандыққа тап болып жатады. Ол кері әсер тигізер, көрсоқыр қасиет, ерсі қылық. Бұл туындының айтар ойы да осы.
Жалқау Қожаның күнделікті сабақтан кешігіп, мұғалімге әртүрлі сылтау айтып, жол ережесін білмей, жағымсыз болып көрінуі арқылы, кішкентай көрермендеріміз өмірлік ақ пен қараны ажыратуға мүмкіндік алады.
Ендеше, мән — мағынасы зор қойылымды көруге асығайық.