Премьера! Атилла мен Аэций

Автор:
Премьера күні: 17 қазан
Режиссёр:
Актерлар:
Жанр:
тарихи драма
Ұзақтығы: 
Жас санаты:
12+

Билет қайтару шарттары: танысу

Аттила – Еділ қаған – батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған  (б.з. 434-453 жж.),әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып,  бұл жолы жаңа туынды -- белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б.Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат. Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан.