«Күй»

Автор: Ә. Кекілбаев

Премьера күні: 11 қазан 2019

Режиссёр: Г.Б. Мерғалиева

Актерлар: Жантілеу Бахтияров, Нұржан Қасымов, Нұрсұлтан Жексенбаев, Ислам Есжан

Жанр:

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Назарларыңызға ұсынылған қойылым инсценировкасы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының желісі мен «Күй» повесінің негізіне сүйене отырып жасалған. Ұлы мәртебелі  өнердің  адам санасын оята алатын құдіреті, оның көзқарасын өзгерте алатын күш-қуаты ашылады. Оқиға ықылым замандардан көршілес екі ел арасындағы өзара өшпенділік, дау мен кекшілікті баяндайтын аңыз аясында өрбиді. Жауласқан екі елдің билеушілері Жөнейіт пен Дүйімқара батырлардың зорлық-зомбылығы дәуірлеген заманда қатігездіктің қара тасын жарып шыққан өнер гүлдерінің сұлулығы мен сыршылдығы, нәзіктігі мен өміршеңдігі, мейірімділігі мен қайсарлығы жан-жүректі еріксіз баурап, адамгершілікті әлемге жол нұсқайды...

Билет қайтару шарттары: танысу