Премьера! «ҚҰЛАГЕР»

https://ticketon.kz/media/upload/17941u30239_premera-qulager20.jpg
Өмір – арпалыс, күрес, жарыс... Аламан – бәйге.

Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.

Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине...

Аттың шабысы – ол, адам шабысы.

ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.  

«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ...  

Ендеше, мәртебелі көрермен!

4, 5, 6 наурызда жаңа қойылымның, премьерасын көруге келейік!

Қойылым режиссері – Фархад Молдағали,

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты