Мулен-Ружға шақыру

«Мулен Ружға шақыру» екі бөлімді комедия.

Авторы - Талғат Теменов ҚР халық артисі, профессор
Режиссері - Талғат Теменов ҚР халық артисі, профессор
Қоюшы - суретшісі Қабыл Халықов
Киім үлгілерінің суретшісі - Любовь Возженникова
Балетмейстер - Ирина Дубровина
Ассистенті - Гүлшарат Жұбаева

Бұл - Мулен ружға шақырылған биші қыздың сапар алдындағы сәтін баяндайды.
Француз сахнасында билеуді көптен арман еткен сұлу да жас Айша өз мақсатына қол жеткізіп, Мулен ружда билеуге арнайы шақыру алады. Дегенмен, сапар алдындағы жаттығу кезінде – оның жүрегіне қас-қағым сәтте шынайы сезім қонақтап, өз махаббатын кезіктіреді. Ақыр аяғында, оған атақ пен мансап, ақша мен сәнді өмірдің құны бірақ тұтамдай боп қалды.
Спектакль біреулер ғұмыр бойы ұғына алмай өтетін кейбір адами құндылықтардың мәні неде екенін ой таразысына салады.